Қоғам дамуының іргетасы – еңбек. Бұл орайда жұмысшы мамандықтардың орны ерекше. Олар – күнделікті тіршіліктің тынысын қамтамасыз етіп, ел экономикасының алға жылжуына тікелей үлес қосып жүрген жандар. Электр жүйесі, жол құрылысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы – барлығы да жұмысшы еңбегінің жемісі.
Жұмысшы маман болу – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті қажет етеді. Бұл мамандық иелері көптің назарында болмаса да, ел игілігі жолында тынымсыз еңбек етеді. Сондықтан олардың мәртебесін көтеру – қоғамның басты міндеті.
Жастардың жұмысшы мамандықтарға бет бұруы – ел ертеңінің сенімді кепілі. Адал еңбекпен елге қызмет ету – үлкен абырой.
Адал еңбегімен ел тіршілігін алға сүйреген жұмысшыға әрдайым құрмет керек.
Жастар осы мамандықты таңдап, нақты іспен елге пайдасын тигізсе – болашағымыз берік болмақ!
Гулжайна МУХТАРОВА,
Махамбет аудандық
Жастар ресурстық орталығының
NEET санаты жастармен жұмыс жөніндегі маманы