Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен жандардың еңбегі қашанда маңызға ие. Биылғы жылы олардың өмірі насихатталып, құрмет көрсетіліп, мәртебелері көтеріле бастады.
Олар өз ісінің нағыз шеберлері десем болады, нақты дағдылар мен білімдерді меңгерген, өндірістің қозғаушы күші болып табылатын тұлғалар.
Олардың еңбекке деген көзқарасы, жауапкершілігі мен шығармашылығы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызды бөлігі болып табылатыны сөзсіз.
Сондықтан да жұмысшы мамандықтар жылы - еліміздің болашағына бағытталған, қоғамды жаңаша көзқараспен қарауға үндейтін ерекше қадам.
Өйткені жұмысшы мамандарының еселі еңбегі мен құндылығы әрдайым жоғары бағалануы тиіс.
Гүлдана Жұбанышқалиева