Еңбек адамының мәртебесі – елдің мерейі

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – еңбек адамына көрсетілген зор құрмет. Құрылысшы мамандығы – ел дамуының, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына тікелей ықпал ететін сала. Жаңа мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен тұрғын үйлер – бәрі де құрылысшылардың маңдай терімен бой көтереді. Сондықтан әрбір жұмысшының еңбегін бағалау – қоғам алдындағы маңызды міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту, еңбек адамының мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Бұл қадам жас ұрпақтың өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еліміздің өркендеуіне серпін беретіні сөзсіз. Ең бастысы – қай салада еңбек етсек те, мамандықты мақтан тұтып, адалдық пен жауапкершілікті серік ету. Сонда ғана елдің ертеңі жарқын болмақ. Зоя Теміртасқызы, «Еңбек ардагері» медальнің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT