2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – қоғамның ұзақ жылдан бері ескерусіз қалған саласына жаңа серпін берудің бастамасы.
Бұл – тек өндіріс пен қызмет көрсету салаларын ғана емес, тұтас еңбек мәдениетін қайта жаңғыртуға бағытталған шешім. Өйткені заманауи әлемде жоғары технология мен нақты шеберлікті меңгерген жұмысшы — ел дамуының негізгі тірегіне айналды. Бүгінгі күні электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, механик, оператор сияқты мамандықтар тек “жұмысшы” мәртебесімен шектелмейді, олар — экономиканың алғы шебінде тұрған кәсіби стратегтер.
Биылғы жыл — қол еңбегі мен зияткерлікті қатар дамытып, жастарға шынайы сұранысқа ие бағытты таңдауға жол ашуы тиіс. Жұмысшы мамандыққа ие болу — тек кәсіп қуу емес, өз елінің тірегіне айналу деген сөз.
Сағыныш ҚАЙЫР