Денсаулық – ұлт болашағының кепілі

Президенттің биылғы Жолдауында халық денсаулығын сақтау мен медициналық саланы дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл — әрбір азамат үшін маңызды мәселе. Себебі, мықты денсаулық – елдің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Қазіргі таңда мемлекет дәрігерлердің еңбегін бағалап, жаңа ауруханалар мен емханалар салуда. Сонымен қатар ауылды жерлерге медициналық қызметті жақсарту шаралары да қуантады. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, профилактикалық тексерістерді күшейту – аурудың алдын алуға бағытталған тиімді қадам.

Мен Президенттің бұл бастамасын толық қолдаймын. Себебі әр адам өз денсаулығына жауапты болып, салауатты өмір салтын ұстанса, еліміз де күшті, болашағы жарқын мемлекетке айналары сөзсіз.

Аймагамбетова Б

дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT