ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ!

 

2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Атырау облысында «Өрт-2025» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Аталған оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 22 мамыр күні  сағат 09:00-11:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, Индер аудандық ішкі саясат бөлімі аудан тұрғындарынан «Баршаның назарына» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі    

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT