Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 13 желтоқсан күндері "БЖЗҚ" АҚ Атырау облыстық филиалы "Ашық есік күнін" өткізеді.
Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау». ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы 2024 жылдың 13 желтоқсанында онлайн-форматта және 3 сессияда сағат: 10-00, 14-00, 16-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін: 1 сессия- сағат 10-00 https://enpf.webex.com/weblink/register/r5eabcf7cc07c59488171a5ecc9e8f96b сілтеме бойынша өту қажет.
Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2515 043 8283 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 еңгізіңіз. 2 сессия- сағат 14-00 https://enpf.webex.com/weblink/register/r00ca019b8780b8ac4f5d0be1b34df517. сілтеме бойынша өту қажет.
Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2510 401 5832 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 еңгізіңіз. 3 сессия- сағат 16-00 https://enpf.webex.com/weblink/register/r8e8ec4d787b41bd83972f07429934c02. сілтеме бойынша өту қажет.
Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2513 651 0839 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 еңгізіңіз. «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!