Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді

Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

 Ауқымды шараға 610 мыңнан астам адам қатысып, жұмылған еңбек нәтижесінде 90 мыңға гектарға жуық территория тазартылды. Сондай-ақ, 180 мың жасыл желек отырғызылды - ағаш түрлері аумақ ерекшелігіне қарай таңдалған - алма, қара мойыл, тал және ирга.

«Біз, орманшылар, жыл сайын ағаш отырғызамыз, алайда бүгін бұл іске мыңдаған адамның қосылғанын көру- ерекше қуаныш. Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, еліміздің орман ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов.

🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk @EcologyofQazaqstan

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT