1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда қысқы дөңгелексіз жүруге тыйым салынды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қыс мезгілінде көліктер міндетті түрде қысқы шиналармен жүруі тиіс. Талапты сақтамаған жүргізуші 19 660 теңге айыппұл төлейді. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 39 320 теңгеге дейін артады.
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан АЕК 4 325 теңге болады, сол себепті айыппұл көлемі де ұлғаяды.

