Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов ашып, бұл мерекелердің тарихи маңызына тоқталды, ардагерлерге көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін алғысын білдіріп, елге адал қызмет ету мен бейбіт заманда заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында және ұрпақтар сабақтастығының нышаны ретінде ағаш отырғызу ұйымдастырылды.
Іс-шара Қосшы қаласында, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған жерінде өтті. Ол — жаудың жан-жақты оқ жаудыруына қарамастан, жауынгерлерімен бірге Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туынтіккен жан.