Балалар үні: дарынды оқушылар адамгершілік пен даму жайлы еркін ой бөлісті

Атырауда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше кездесу ұйымдастырылды. Облыстық Білім беру басқармасы мен Таланттарды анықтау және қолдау орталығының бастауымен аймақтың мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиев жас дарындармен еркін форматта әңгімелесті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Іс-шараға облыстық, республикалық және халықаралық білім мен өнер байқауларында үздік атанып жүрген 20-дан астам оқушы қатысты. Жиында білім мен еңбектің маңыздылығы, қоғамдық белсенділік, патриоттық тәрбие, шығармашылық пен ғылымға деген қызығушылық тақырыптарында сөз қозғалды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты. 

-  Депутатпен еркін форматта сөйлесіп, көкейімдегі сұрақтарды қою мүмкіндігі туды. Әсіресе, адами тұрғыда дамуға қатысты қойған сұрағыма алған жауабым мені ерекше ойландырды. Ол өмірлік құндылықтарды қалыптастыру үшін мотивациялық, классикалық әдебиеттер мен тұлғалық даму бағытындағы кітаптарды оқуға кеңес берді. Мұндай ашық әрі пайдалы диалогтар жастарға үлкен серпін береді деп ойлаймын, - деді оқушы Айсана Ахатова. 

Жиын соңында қос тарап өзара сенімді диалог орнатып, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасуы қажеттігін атап өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай іс-шаралар жас буынның әлеуметтік белсенділігін арттырып, оларды болашаққа жауапкершілікпен қарауға жетелейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT