Салық реформасының арқасында қазынаға құйылатын қаржы көбейеді. Яғни жыл сайын 4-5 трлн теңге артық түспек. Бұл қаражат Ұлттық қорға түсетін ауыртпалықты азайтуға тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қарыз деңгейін төмендетуге, инвестициялық жобаларды несиелендіруге және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға жұмсалмақ. «Қазіргі уақытта аграрлық сектордағы шаруа қожалықтары қосымша құн салығын төлемейді. Ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ін төлеуге міндеттеледі. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы қосымша құн салығын төлемейді. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін, яғни картоп, қызанақ, пияз және басқа да тауарларды өндірушілерді бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді» — Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер салық төлемейді
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 111
