Ауыл шаруашылығы – экономиканың берік тірегі

Жолдау 2025 ауыл шаруашылығын кешенді жаңғыртуға ерекше назар аударды. Маған бұл бағытта қабылданған шешімдер аса маңызды болып көрінеді.

Себебі агросектор – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аймақтардың әлеуметтік дамуының негізі.

 

Президент ұсынған су ресурстарын тиімді басқару, кооперацияны күшейту, фермерлерге нақты қолдау көрсету, технологияларды енгізу сияқты бастамалар ауыл шаруашылығының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады. Әсіресе, су тапшылығы бар өңірлер үшін жаңа су инфрақұрылымын дамыту – өте өзекті мәселе.

 

Сонымен қатар, аграрлық ғылым мен инновациялық шешімдерді өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігі артып, шаруалардың табысы көбеюі күтіледі. Бұл бағыттағы шаралар ауылдағы өмір сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді.

 

Қорытындылай келе, Жолдауда көрсетілген ауыл шаруашылығын қолдау қадамдары – еліміздің ауылдық аумақтарын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын маңызды стратегиялық шешімдер. Бұл міндеттерді іске асыру – ортақ жауапкершілік.

Қуанов Ғ

Жеке қожалық

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT