Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан ардагерлері және ауданға қарасты мекемелердің қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.
Сондай-ақ, акцияға қатысқан ардагерлер де көпшілікке үлгі көрсетіп, сенбілікке ерекше серпін берді.
Бұл - тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығына деген қамқорлықты нығайтудың жарқын үлгісі болды.
Акция барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартып, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында орталық көшелер бойына 100 түп ағаштарын отырғызды.
"МТ"