Атыраулық өндіруші өз өнімдерін Оралда өткен инвестициялық форумда таныстырды

Орал қаласында Қазақстанның Мұнайсервис компаниялар одағы мен Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясының бірлесуімен Өңірлік инвестициялық форум өтті.

Форумның басты мақсаты – мемлекеттік органдарды, операторларды, бизнес өкілдері мен сала сарапшыларын біріктіре отырып, мұнай-газ саласын дамыту, жергілікті қамтуды арттыру, өндірістік кооперация мен өңірлердің орнықты өсу мәселелерін талқылау.

Форум аясында отандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Атырау қаласынан келген Newtech Systems Group компаниясы көрмеге қатысып, 50-ден астам өнім түрін ұсынды.

Newtech Systems Group – 2011 жылы құрылған қазақстандық компания. Негізгі қызмет бағыттары:
өндірістік оқшаулау, коррозияға қарсы және отқа төзімді қорғаныс, жылыту, желдету, кондиционерлеу және сумен жабдықтау (ЖЖКС) салаларында кешенді шешімдер ұсыну – жобалау, монтаждау және инжинирингтік жүйелерге қызмет көрсету, сондай-ақ биіктікте жұмыс жүргізу.

Компания қызметі мұнай-газ, химия, мұнай-химия, энергетика сияқты өнеркәсіптік және өндірістік секторлармен қатар, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс салаларын да қамтиды.

Жыл өткен сайын кәсіпорын қызмет ауқымын кеңейтіп, өндірістік процестерді жетілдіріп, инновациялық технологияларды енгізіп келеді. 2026 жылы компания өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтпек – бұл сенімді өсудің маңызды кезеңі.

ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ АУҚЫМЫ
Компанияның шарықтау шегінде 100-ден астам инженер мен техник-маманнан құралған 900 қызметкер жұмыс істеді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ
Компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі – қызметкерлерге қамқорлық:
жүйелі оқыту, біліктілікті арттыру, тимбилдингтерге қатысу және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу. Сонымен қатар, компания шетелдік серіктестермен тығыз жұмыс істеп, алдыңғы қатарлы өндірістік технологияларды бейімдеп отыр.

NEWTECH SYSTEMS GROUP ЖАҢА ӨНДІРІСТЕРДІ ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫНДАЛУДА:
бандаж лентасы, тойтарма, қысқыштар мен бұрандалар шығаратын желі

шағын металл құрылымдарын дайындау цехы

300 адамға арналған жатақхана мен асхана іске қосу жоспарда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT