Атыраулық дзюдошы әлемдік ондыққа енді

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің топ-10-на кіріп, 48 келіге дейінгі санатта екінші орынды иеленді. Оның жетістіктері бүкіл елдегі спортшыларды шабыттандырады, деп хабарлайды Аtyrau Рress тілшісі. 

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және 3-ші дана (IJF) иегері әбиба Әбужақынова Қазақстанның ең атақты спортшыларының біріне айналды. Ол 1997 жылы 4 шілдеде Атырауда дүниеге келген және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Дене тәрбиесі"мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдан бастап Әбиба Атырау облысының атынан жаттықтырушы Миржан Есмағанбетовтың жетекшілігімен жоғары спорт шеберлігі мектебінің құрамында өнер көрсетеді. Абиба дзюдодан әлем чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық әйел болды. 2022 жылы Ташкенттегі турнирде ол қола жүлдеге ие болды, ал екі жылдан кейін Абу-Дабидегі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, өзінің шеберлігін растады.

Оның спорттық жолы үлкен жеңістерге толы:

• 2021 жыл — Бішкекте өткен Азия чемпионатындағы күміс медаль; Еуропа Кубогының күміс медалі, ҚР чемпионатының жеңімпазы

* 2022 жыл-Ұлан-Батордағы Гранд Слам турнирінде және Абу-Дабиде қола, Азия чемпионатының күмісі; Абу-Дабидегі Гранд Слам Халықаралық турнирінде қола; ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

* 2023 жыл-Португалиядағы Grand Slam International турнирінде жеңіс және Париждегі турнирде қола;

* 2024 жыл-Абу-Дабидегі әлем чемпионатында қола және Париждегі Олимпиада ойындарында бесінші орын.

"Мен Абибаны 6 жылдан бері жаттықтырып келемін. Өкінішке орай, біздің мақсатымыз Олимпиада алтынын алу болған Парижде біз 5-ші орынға ие болдық. Алайда, бұл жаңа кезеңнің басы ғана. Біздің болашақ жоспарларымыз өршіл: әлем чемпионы атану және 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету", — деп атап өтті дзюдошының жаттықтырушысы Миржан Есмағанбетов.

Әбужақынова маусымды 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің екінші қатарында аяқтап, қазақстандық дзюдошылар арасында көшбасшы атанды.

Айта кету керек, биыл оған ҚР спорт шебері атағы берілді. Бұл оның қажырлы еңбегінің, табандылығының және өз ісіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Абиба тек талантты спортшы ғана емес, сонымен қатар табандылық пен еңбекқорлықтың сәттіліктің шыңына қалай жетелейтінінің мысалы.

Аружан Әжімқұлова

Аударған: Амандық Сағынтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT