Атыраулық бір топ азаматқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» табысталды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев саяси науқан мен су тасқыны кезінде белсенділік танытқан бірқатар азаматтарды марапаттады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекет басшысының Алғыс хаты 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынында және референдум кезінде ағартушылық, ақпараттық бағытта жұмыс істеген қызметкерлерге берілді. Оның ішінде, өңірдің зиялы қауым өкілдері, университет профессорлары және мемлекеттік қызметкерлер бар.

Сондай-ақ жиында аймақ басшысының орынбасары тасқын кезінде жұдырықтай жұмылған автоволонтерлардың еңбегіне ерекше тоқталып, оларға Алғыс хаттар табыстады.

- Облыста 57 волонтерлік топ пен 2000-нан аса белсенді жұмыс істейді. Ал тасқын кезінде он мыңға жуық волонтер белсене жұмыс атқарды. Әсіресе, автоволонтерлардың еңбегі зор. Жол қатынасы үзілген кезде де басқа өңірлерге, аудандарға көмек қолын создыңыздар. Уақытпен санаспай, еліміздің азаматтық қоғам саласын өркендету жолындағы атқарған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз, - деді Ж. Бисембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT