Демеушілердің қолдауымен орталыққа «Ақылды айна» құрал-жабдығы алынды. Құрылғы балалардың сөйлеу кемшіліктерін түзетуге, алдын алуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бүгінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны көбейіп отыр. Сондықтан бұл құрылғы – логопед мамандар үшін таптырмас көмекші.
"ArtikMe" деп аталатын интерактивтік оқыту құралы Ресей Федерациясында жасақталған. Арнаулы жүйеге негізделген компьютер көмегімен баланың сөйлеу, ойлау, әрекет ету машықтары дамиды.
Жабдықты жергілікті шетелдік компания өкілдері арнайы Ұстаздар күні қарсаңында орталық мамандарына сыйға тартты.