Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 800 гектардан астам аумағын қамтыған өрт ауыздықталды

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 800 гектардан астам аумағын қамтыған өрт ауыздықталды

Резерваттағы өрттің жалпы ауданы – 805 гектар. Жедел штабтың тапсырмасына сай, Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, орман шаруашылығы және мердігер мекемелер 13 маусымнан бастап «тілсіз жаумен» күреске күш жұмылдырды. Өрт сөндіруге 110-нан астам адам, 30-ға жуық техника қатысты.

15 маусымда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы 33 мәрте көкке көтеріліп, 100 тонна су шашты. Қазіргі уақытта 7 гектарлық өрт ошағындағы бықсып жанған от өшірілуде.

Облыс әкімі жедел штабтың кезекті отырысында ТЖД, «Ақжайық» МТР өкілдерінің өрт салдарын жою жөніндегі баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ полиция департаменті өрттің шығуына себеп болған жағдайларды тергеу барасы туралы баяндады. Аймақ басшысы себептерді анықтауды жеделдетіп, мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT