Атырауда жас балуандар арасында XIII республикалық еркін күрес турнирі өтті

Атырауда Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері, милиция полковнигі Биғамбаев Қабдыраш Биғамбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы XIII республикалық еркін күрес турнирі өтті.

Турнирге 2010, 2011 және 2012 жылы туған 200-ге жуық жас балуан қатысты. Жарыс бозкілем шеберлерінің басын қосып қана қоймай, өскелең ұрпаққа батыр ардагердің ерлігі мен елге сіңірген еңбегін үлгі етуге бағытталды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев турнирдің маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Бұл турнир — Қабдыраш Биғамбайұлы сынды халқына адал қызмет еткен тұлғаны ұлықтаудың айқын көрінісі. Осындай жарыстар жас спортшыларға тек спорттық шеберліктерін шыңдауға емес, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға да ықпал етеді. Бүгінгі балуандар — ертеңгі ел қорғаны. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, — деді департамент бастығы.

Турнир нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Айта кетейік, Ұлы отан соғысының жауынгері Қабдыраш Биғамбаев әскер қатарына 1944 жылы алынып, 13-атқыштар дивизиясының 365, 92 және 742-ші атқыштар полктерінде бөлімше командирі кызметін атқарады. 1959 жылдан бастап облыстық ішкі істер органдарында түрлі жауапты лауазымдарда еңбек етті. Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасында, кылмыстық іздестіру бөлімінде және қалалық ішкі істер бөлімінде басшылық қызметтер атқарып, кейін облыстық фельдегерлік қызмет бөлімін 12 жыл бойы басқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT