Атырауда «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атырау облысында 20-24 желтоқсан күндері аралығында «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты — облыс аумағында шетелдіктердің заңсыз такси қызметін көрсету жағдайларын анықтау, оларды жою, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты тиісті заңды шараларды қолдану және көлік құралдарының заңсыз пайдаланылуын тоқтату.

Іс-шара аясында патрульдік полиция, көші-қон қызметі мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жұмылдырылған мобильді топтар құрылады. Олар заңсыз қызмет көрсетуші шетелдік таксистерді анықтап, олардың әрекеттерін тоқтатуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, көлік құралдарының техникалық жағдайы мен құжаттары тексеріліп, көші-қон заңнамасы бойынша бақылау күшейтіледі. Бұл жедел профилактикалық іс-шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі. Іс-шараның нәтижесінде заңсыз тасымалдаушылар анықталып, олардың әрекеттеріне заңды негізде шаралар қолданылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT