Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бастамасымен, «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» мен Атырау студенттері Альянсының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «XXI ғасыр көшбасшылары» атты зияткерлік сайыс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың зияткерлік әлеуеті мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Сайысқа облыс бойынша 12 колледж бен 2 жоғары оқу орнынан құралған командалар қатысып, барлығы 60 жас қамтылды. Қатысушылар құқықтық білім, логикалық ойлау және шешендік қабілет бойынша өзара бақ сынады.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
* 🥇 1 орын – Атырау жоғары медициналық колледжі
* 🥈 2 орын – Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжі
* 🥉 3 орын – Атырау көлік және коммуникация колледжі
Жеңімпаздарға және қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Аталған зияткерлік сайыс – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.