Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар тал екті

Атырау қаласында экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Игілікті шараға қаладағы №35 мектептің оқушылары қатысты.

Акция барысында жас өрендер 20-ға жуық тал-түптерін отырғызып, жасыл желектің көбеюіне өз үлестерін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар оқушылардың табиғатқа жанашырлық сезімін арттыруға және туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталған.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT