Атырауда тас жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде

 Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының орын алуына басты себеп – көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтамауы. Аталған жағдайларды болдырмау үшін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дрон әуе камерасының көмегімен жол ережелерін бұзу фактілерін анықтап, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылық деңгейін төмендету мақсатында Атырау облысы аумағында «Әуе патрульдеу» қызметі іске қосылды.

Осы ретте, полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап, көлік құралын сауатты басқару керектігін ескертеді!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT