Атырауда сексен жылдан кейін кәріз жүйелері жаңғыртылуда

Атырауда 1945 жылдан бері жөнделмеген кәріз сорғы станцияларын жаңғырту, күрделі жөндеу жұмысы басталған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

9 кәріз сорғы станциясы жаңғыртылуда. Жыл соңына дейін бесеуіндегі жұмыс аяқталады. Оған қоса 36 станцияны реконструкциялау үшін жобалық сметалық құжат дайындалып жатыр. Ал Құлсары қаласында 14 кәріз сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріздік тазарту ғимаратының құрылысы жүрде.

– Атырау халқын алаңдатқан басты мәселенің бірі – ықшамаудандардағы кәріз жүйесі. Жауын-шашын кезінде тұрғындардан түсетін шағым көбейеді. Жердің тұздылығы тағы бар. Мәселені шешіп, Атырау қаласындағы бірнеше ықшамауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін бүгінде 22 учаскеге жүргізілетін кәріз желісінің жобалық сметалық құжаты жасақталды. 2026 жылдан бастап жүргізілген кәріз желісі қаланың оң жағалауындағы кәріздік-тазарту ғимаратына қосылатын болады. Жалпы бұл жұмыс 5 жылды алатындықтан, кезең-кезеңімен істеледі, - деді өңір басшысы Серік Шәпкенов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT