Атырауда робототехникадан шеберлік сағаты өтті

Атырау қаласындағы Достық үйінде «Алия»  еврей этномәдени орталығы және республикалық дүнген этноорталығының өңірлік филиалының ұйымдастыруымен робототехникаға арналған шеберлік сағаты өтті.


Шараға Атыраудағы барлық этномәдени бірлестіктердің жастары қатысып, робототехниканың негізгі қағидаларымен танысты. Қатысушылар практикалық бөлімде «Arduino» микроконтроллері негізінде жұмыс істейтін шлагбаум мен бағдаршамның шағын үлгілерін құрастырып, бағдарламалады.
«ҚазРоботикс»  Қазақстанның білім беру және спорттық робототехника федерациясының Атырау филиалының директоры Асқар Алдан сабақ өткізіп, қатысушыларға схемотехника мен электрониканың базалық ұғымдарын түсіндірді.
— Бүгін балалар өз қолдарымен құрылғының сызбасын жинап, оны C++ тілінде бағдарламалайды. Олар шлагбаумның автоматты түрде ашылуын қамтамасыз ететін бағдарлама жасайды. Мұндай тәсілді түрлі салаларда қолдануға болады, мысалы, үстел жәшігінің автоматты түрде ашылуына бейімдеуге мүмкіндік бар, — деді ол.
Сондай-ақ шара аясында интернет-гигиена тақырыбында семинар ұйымдастырылды. ТШО компаниясының ақпараттық қауіпсіздік маманы Самат Айдағалиев қатысушыларға интернетте жеке қауіпсіздікті сақтау және киберқылмыскерлерден қалай қорғану қажеттігі жөнінде кеңес берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT