Атырауда республикалық Жұмысшы жастар форумы өтті

Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен 28-29 сәуір күндері республикалық Жұмысшы жастар форумы өтті.

img 6615

 

Форум аясында «Қазақстанның еңбек нарығы және жұмысшы мамандықтарының келешегі» атты пленарлық отырыс пен TEDx форматындағы «Isker talks» конференциясы өтіп, одан кейін оқыту курстары мен тренингтер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Atyrau faces» атты жұмысшы мамандықтардың фотокөрмесі ашылып, Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық Қазақ драма театрында форум қатысушыларына арналған «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблінің концерттік кеші қойылды. Қатысушы жастар үшін Махамбет ауданында «Сарайшық» музейіне экскурсия жасалған болатын.

Форум аясында ұйымдастырылған «Ең үздік жоба» байқауының жеңімпаздары анықталып, 6 жасқа 500 мың теңге көлеміндегі шағын гранттар табысталды. Жоба аясында жұмысшы жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы «ЭкоStudent» және жастарды қамтитын «экочеллендж», одан бөлек жеке тұлға ретінде дамытуға арналған жобалар қорғалды. Сонымен қатар жұмысшы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және азаматтық белсенділікті арттыруға байланысты, одан бөлек кәсіпорындардағы оғаш мінез-құлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар жүргізу секілді жобалар қамтылды.

 

img 6613

 

Қазақстанның 15 облысынан 200-ден астам жас жиналған екі күндік форум — өндірістік және өнеркәсіптік салада еңбек ететін жастарға арналған еліміздегі тұңғыш ірі ауқымды алаң болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT