Атырауда Президент шыршасы өтті

“Қош келдің, Жаңа жыл!” атты Президент шыршасына спорт және білім жарыстарында жеңіске жеткен, шығармашыл, белсенді, сондай-ақ ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары қатысты. Барлығы 300 бала бас қосқан шарада төтенше және жазатайым оқиға кезінде ерлік көрсеткен оқушылар да бар.  

Ертеңгілікке арнайы шақыртумен келген балаларға облыс әкімі Президент атынан құттықтау хат пен сертификат табыстап, тәттілерлер таратты.

Мерекелік шара барысында балдырғандарға арнап ертегі қойылымдары мен ойын-сауық концерті қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT