ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен республика көлемінде 20 сәуір мен 20 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты кең ауқымды акция өтуде.
Акция аясында Атырау облысы ПД Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы филиалы, Әкелер кеңесінің мүшелері және «Жарқын жанұя» қоғамдық бірлестігінің көп балалы аналарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын насихаттау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қозғалды. Аналар кеңесінің мүшелері әйелдердің құқықтық тұрғыда қорғануын қамтамасыз ету үшін қоғамда құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызын атап өтіп, полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Шара соңында қатысушылар арасында өзара тәжірибе алмасу болып, алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
#ҚұқықбұзушылықПрофилактикасыЖылы
#ОтбасындаЗорлықЗомбылықсызҚазақстан
#ЗорлықзомбылыққаЖолЖоқ
#Полицияқорғайды