Ағымдағы жылы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қолдауымен (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде) «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің ұйымдастыруымен Атырау қаласының 18-35 жас аралығындағы «NEET» санатындағы жастарға арналған
«Isker Adamdar» жобасы ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні онлайн форматта жобаға тіркелу бастау алды. google форма арқылы сауалнамадан өткен 534 жастың ішінен
200 жас таңдалып, «Заманауи маркетинг», «Кәсіпкерлік дағдылар», «Психологиялық тренинг»және жоба дайындау бойынша шеберлік сыныптары бағыттарынан тренинг өткізілді. 200 қатысушыға тренингтен өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.
Ағымдағы жылдың 25 маусымнан бастап тренингтен өткен
200 қатысушы 9 бағыт (Аспаз, Барбер, Бариста, Шаштараз, Массаж, Визажист, Жылыжай, Жиhаз құрастырушы, Электромонтаждаушы) бойынша «Атырау Сервис колледжі», «Атырау индустриалды колледжі», «Ғасыр»,«IQ групп», оқу орталықтарында оқытылып, сертификат, куәлікке табысталды.
Жоба аясында өтінім беріп, оқыту барысында ерекше көзге түскен, жеке бизнес-идеясы бар белсенді 50 қатысушының әрқайсысына 250 000 теңге тауар түріндегі шағын грант беру арқылы жаңа стартаптарға қолдау көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні 250 000 тг тауарлық грантқа ие болып, өз істерін бастаған жоба қатысушыларының ішінен белсенділік танытқан 10 қатысушыға 350 000 тг қаржылай қолдауға арналған грант табысталды.
Атырауда NEET санатындағы жастарға арналған «Isker Adamdar» жобасы нәтижелі аяқталды
- Информация о материале
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 10

