Атырауда нанды ойларына келген бағамен сатқан...

Еліміздің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің  Атырау облысы бойынша департаменті «TransTehInternational» ЖШС-нің іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жолдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«TransTehInternational» ЖШС-і Атырау облысының жергілікті шекараларында нанды (қалыпты) көтерме саудада өткізуші нарық субъектісі болып табылады. Жүргізілген жоспардан тыс талдау нәтижесіне сәйкес, Департаментпен «TransTehInternational» ЖШС-нің әрекеттерінде Атырау облысы жергілікті шекараларында 2024 жылы нанды (қалыпты) көтерме сатуда өткізу нарығында тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері байқалды.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес жолданған, әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама тергеп-тексеру жүргізілмей «TransTehInternational» ЖШС-мен толықтай орындалды.

 

Амандық АБДОЛ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT