Атырауда мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар өтті

Адамдардың мемлекеттік органдарға шынымен сенуі үшін не істеу керек? Осы сұрақты «Заң және тәртіп» нарративі аясында мұнайлы астанада өткен үлкен семинардың қатысушылары талқылады. Бір алаңға жүзден астам адам — полиция мен юстиция қызметкерлері, мемлекеттік құрылым өкілдері және жас мамандар жиналды.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қатысушылар құрғақ ережелер мен нұсқаулықтарды емес, өңір тұрғындарын күн сайын толғандыратын мәселелерді сөз етті: неге азаматтар көбіне мемлекеттік қызметке риза емес, не толық жауап алуға кедергі және мемлекеттік аппараттың шынайы ашықтығына қалай қол жеткізуге болады.

Семинарға қатысушылардың бірі — Альфия Суюғалиева, жиында «Заң және тәртіп» нарративіне қандай бастамалар кіретінін және қандай өзгерістер енгізілгенін жан-жақты түсіндіргенін айтты. Әсіресе, ашықтық пен азаматтармен адал диалог формальдылық емес, нақты тәжірибе болуы тиіс екені ерекше атап өтілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі негізгі проблема — азаматтардың өтініштеріне жеткілікті көңіл бөлінбеуі. Кездесуде қабылдауды қалай дұрыс жүргізу керек, мамандар қандай қателіктер жібереді және неге келушіге деген құрмет қарапайым қарым-қатынас этикасынан басталатыны талқыланды.

Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ — бұл қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызмет мәдениетін арттыруға бағытталған.

Материалды дайындаған — Георгий ШАПОШНИКОВ,
фото ұйымдастырушылардан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT