Атырауда көпфункционалды кешен, санаторий және Formula-1 автодромы салынады  

  Жыл соңында «Техол» компаниялар тобы Атырауды жаңарту бағытында әзірленген жаңа жобаларды көпшілікке ұсынбақ. Итальяндық сәулетшілер дайындаған бұл концепцияны холдинг басшысы Шота Абхазава бұған дейін жариялаған болатын.

Редакцияға жеткен мәлімет бойынша, қалада бірқатар ірі нысандар салынуы көзделген: бұрынғы «Ақ-Жайық» қонақ үйінің орнына салынатын заманауи көпфункционалды кешен, «Самал» шағын ауданындағы кең ауқымды санаторий-сауықтыру орталығы және әуежай маңында Formula-1 деңгейіндегі жарыстарға арналған инфрақұрылымы бар автодром.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, бұл жобалардың ресми таныстырылымы желтоқсанның екінші жартысында өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT