Атырауда халықаралық стандарттарға сай цистерна вагондарын өндіру басталады

 Бүгін әкімдік ғимаратында атыраулық Texol Trans зауыты италияндық Faccin S.р.A компаниясымен мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутекті тасымалдайтын цистерна мен вагон құрастыруға қажетті Baldrini жабдығын тасымалдау келісімшартына қол қойды. Отырысқа облыс әкімі Серік Шәпкенов, Faccin S.p.A. бағдарламаларын интеграциялау және әзірлеу жөніндегі бөлім басшысы Рино Болдриини мен TEXOL Group директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абахаз қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Жиында Рино Болдриини мен TEXOL Group директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абахаз ұзақ мерзімді серіктестікке қол қойды.

Екіжақты серіктестік нәтижесінде Texol Group 2025 жылдың екінші жартысында барлық сертификаттау рәсімінен өтіп, инновациялық шешімдер қабылдап, жүк вагондары мен цистерналардың толық желісін шығара бастайды. Жыл сайын 8 мыңға жуық вагон құрастыру жоспарда тұр. Бұл жабдықтың жеткізілуі зауыттың өндірістік желісін қалыптастырудың қорытынды кезеңі болмақ. Бұдан кейін цистерналар шығарыла бастайды.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов қол қойылған келісімнің өңірдің инфрақұрылымын дамытуда, экономикалық байланыстарды нығайтуда және өңір үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл ойнайтынын атап өтті.

- Faccin S.p.A. – ауыр өнеркәсіпке арналған жабдықтарды жеткізу бойынша әлемдік көшбасшы. Ұзақ мерзімді келісімнің арқасында аймақ инновациялық технологиялар мен халықаралық тәжірибеге қол жеткізіп, жергілікті кәсіпорындар мен мамандардың дамуына септігін тигізеді. Әсіресе, кадрларды даярлау бағдарламаларына ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде өңір мамандарының біліктілігін арттырып, олардың инженерлік-технологиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді,-деді С. Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT