Атырауда «Дабыл-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтеді

2025 жылғы 14 қазанда Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабының басшылығымен «Дабыл-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі.

Қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды нұсқауларын орындау сұралады.

Ақпараттың тек ресми көздеріне сеніп, тексерілмеген немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тарту қажеттілігін ескертеміз.

Жалған ақпаратты жариялау немесе тарату бойынша қолданыстағы заң аясында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT