Атырауда биылдыққа екінші рет үшем дүниеге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. 28 жастағы Ергалиева Арай үшемді 25-қыркүйек күні дүниеге алып келген. 

Алдын ала жоспар бойынша ауданнан облыс орталығына портал арқылы жеткізілдім. 25-қыркүйек күні 2249гр, 2599гр және 2608 гр салмақтағы үш ұлды дүниеге әкелдім. Жағдайымды қадағалаған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне үлкен алғысымды білдіремін», дейді жас ана.

Перзентханадан жаңа шыққан көпбалалы ананы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев арнайы құттықтай келіп, нәрестелерге балалар арбасын сыйлады.

«Бүгін Атырау үшін қуанышты жағдай. Ана мен үшем бір аптадан бері облыстық перинаталдық орталықта бақылауда болды. Қазіргі кезде ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Жалпы өңірде жылына 170-ке жуық егіз дүниеге келеді. Үшемнің дүниеге келуі соңғы үш жылдағы үшінші жағдай» дейді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Үшемнің ата-анасы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сафон ауылында тұрады. Жас ана Құрманғазы ауылында тарих пәнінің мұғалімі, ал үшемнің әкесі Мұрабек Асқарұлы полиция бөлімінде қызмет етеді. Айта кетейік, Мұрабек пен Арай үшемді қосқанда бүгінде бес баланың ата-анасы атанды. Нәрестелерге Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхаммед есімдері берілді.

Жалпы облыс бойынша биылдыққа үшемнің дүниеге келуі екінші рет, ал Құрманғазы ауданында жеті жылдан кейін қайталануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521