Атырау қаласы аумағында 14–16 шілде аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде Көліктік бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Автобус және такси» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдау тәртібін сақтау және жеке тұлғалар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдаудың алдын алу.
Осыған байланысты барлық көлік құралын басқарушыларға жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.