Атырау облысында су тасқынына дайындық шаралары жалғасып жатыр. Аймақта Жайық өзені жағалауын одан әрі нығайту үшін еріктілер қаптарды топыраққа толтырып, жағалауды биіктетуде.
Еріктілер қатарында Атырау қаласы Бейбарыс селосының 80 жастағы жергілікті тұрғыны да болды. Ол жергілікті мектеп қызметкерлерімен бірге жұмылып, топырақты қапқа толтыруға көмектесті.
Қарт әжей әлеуметтік желі қолданушыларын өзінің көмекке деген ұмтылысымен сүйсінтті.
«Бұл іс - жастар үшін нағыз үлгі», - деп пікір қалдырды жергілікті тұрғындар.