Атырауда 757 Абай бар!

Биыл – қазақтың ұлы ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына  180 жыл!
Осы атаулы датаға орай Ұлттық статистика бюросы елдегі Абай есімді азаматтардың санын жариялады.
Сөйтсек, Қазақстанда Абай есімді 18 763 азамат бар екен.

Ең көп Абайлар қайда дейсіз ғой?
Бірінші орында – Астана, мұнда 2 089 Абай тұрады. Одан кейін Түркістан облысы – 2 018, үшінші орында – Алматы, 1 719 Абай.

Тіпті биылдың өзінде 157 нәрестеге осы есім қойылыпты. Ал елдегі ең егде Абай – 1932 жылы туған.
Абай есімі ең көп таралған жас тобы – 30 бен 34 жас аралығы, яғни бұл жастағы Абайлар саны – 3 228.
Қызық дерек: Абай есімі әйелдерге де қойылған екен. Елде Абай атты 10 әйел бар.

Ал біздің Атырау облысына келсек, мұнда 757 Абай тұрады. Басым бөлігі – 30-34 жастағы азаматтар, олардың саны – 146. 65 жастан асқан 63 ақсақал да осы ұлы есімді иеленген.
Биылдың алғашқы алты айында дүниеге келген 8 сәбиге Абай есімі қойылыпты.
Айта кетейік, өңірде әзірге Абай есімді әйел тіркелмеген.

Жалпы, елде Абай құрметіне 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталған.
Яғни, Абай – тек ұлы тұлғаның аты емес, бұл – ұлттың рухани биігі. Сондықтан да бұл есімнің кең таралуы – заңдылық.

Дайындаған: Хұсни  ХАМЗА

Фото  Акорда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT