Атырау қаласы полиция басқармасы Жедел басқару орталығының ақпараттық-бағдарламалық кешенін ашық платформаға көшіру мақсатында орталыққа «Target EYE» ақпараттық-бағдарламалық кешені енгізілді.
Қазіргі уақытта аталмыш жүйеге 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған.
Оның ішінде:
- 4000-нан астамы – қоғамдық орындарға орнатылған бейнебақылау камералары;
- 2000-нан астамы – интергацияланған камералар (мектептер, балабақшалар, ойын-сауық орталықтары, базарлар және т.б.).
2024 жылы «Кілем жабыны» жобасы аясында жүйеге бет-әлпетті, көлік нөмірін тану, күмәнді жағдайларды сараптау және қалдырылған заттарды анықтау функцияларына лицензия берілді.
2025 жылдың ақпан айында халық көп шоғырланатын нысандарға (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, мектептер) бейнеаналитикалық камералар орнатылды.
Жүйеге ІІМ ұсынысымен іздеуде жүрген қылмыскерлер, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар мен пробациялық бақылаудағы тұлғалардың деректері енгізілді.
Мәселен, 2025 жылғы 31 наурыз күні сағат 13:30 шамасында BAIZAAR сауда орталығында бет-әлпетті тану жүйесі арқылы халықаралық іздеуде тұрған азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. 12 сәуір күні сағат 10:05 шамасында әуежайдың бейнебақылау камерасы арқылы іздеуде тұрған 1991 ж.т. азамат анықталып, №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді.