Атырауда 32 шақырым бөгет салынды

 Алдағы су тасқынына дайындық барысы туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабында айтылды. 

«Бекітуге жататын жағалау аумағының жалпы ұзындығы – 100 км. Аумақ 107 секторға бөлінген, олардың әрқайсысына үйлестіруші, арнайы техника және еріктілер бекітілген. Барлық секторда жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, оларға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен әскери қызметкерлер қатысады», - деп хабарлады жедел штаб.

Айта кетейік, Атырау облысында жағалауды нығайту жұмыстарына 9 мыңға жуық еріктілер мен 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521