2025 жылдың қаңтар-қазан айларына Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 40 858 жолданым келіп түскен (2024 ж- 33 125), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3 % -ға өсіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларына Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 40 858 жолданым келіп түскен (2024 ж- 33 125), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3 % -ға өсіп отыр.
Мемлекеттік мекемелерге түскен өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 25 182 (61,6%), шағым – 2 035 (5%), сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 7 489 (18,3%), ұсыныс – 6 152 (15,1%). Осының ішінде шағымдар санының айтарлықтай өсімі байқалып отыр.
Азаматтардың өзекті мәселелері бойынша:
ТОП -1: Білім беру мәселесі өтініштер саны - 7 332 (17,9%);
ТОП -2: Ауыл шаруашылық, жер мәселелері бойынша - 5 889 (14,4%);
ТОП-3:Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері - 5 091(12,5%).
Жеке қабылдаулар бойынша:
2025 жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 2 726 қабылдауы ұйымдастырылып, 7 018 азамат жеке қабылданды.
Оның ішінде 10 айда облыс әкімімен 14 қабылдау ұйымдастырылып, 217 азамат жеке қабылданды. Облыс әкімінің орынбасарларымен 40 қабылдау өткізіліп, 130 адам қабылданды, облыс әкімі аппараты басшысымен 3 адам қабылданды.
Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша:
Ағымдағы жылы облыс бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 18 552, оның ішінде: кеңес алғандар саны – 15 088, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 3 464, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 13 296.
Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар:
Қала сыртындағы ауылдарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу мәселелері бойынша қайда жүгінуге болады?
Қала сыртындағы, дәлірек айтқанда Жұлдыз, Ақсай, Мирас, Бірлік, Геолог, басқа да аудандардағы жаңа жер учаскелеріне ИКИ жүргізу және қаланың сол жағалауындағы кәріз желілері мәселелері бойынша Атырау қалалық құрылыс бөліміне хабарласуға болады.
Бау-бақшамыздағы жолға асфальт қалдықтарын (фреза) төсеуге көмек сұрайын деп едім?
Жергілікті бюджетте бау-бақша аумағында асфальт (фреза) қалдықтарын төсеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру көзделмеген. Алайда, болашақта бұл мәселе демеушілер арқылы мүмкін болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдай қай кезде жарияланады?
Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар әкімдер тарапынан жарияланады, егер оның салдары мыналардың бірін тудырса:
1) 10-15 адамның қаза болуы;
2) 100-500 адамның өмір сүру жағдайларының бұзылуы;
3) материалдық залалдың 15-100 мың айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі.
Біз, тұрғындар, төтенше жағдай туғанын қалай білеміз?
Мемлекет пен жергілікті органдар азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар болған кезде халықты арнайы хабарлау жүйелері арқылы, атап айтқанда, азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескертеді.
Ескерту түрлері:
- Дабыл сигналдары арқылы;
- Ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
- SMS-хабарлама және мобильді қосымшалар арқылы;
- Әлеуметтік желілер және ресми сайттар арқылы;
- Ауызша ескерту және арнайы көлікпен хабарлау арқылы.
Егер сирена естіген болсаңыз - бұл төтенше жағдайдың белгісі деп қабылдаңыз. Бірден радио немесе теледидарды қосып, ресми ақпаратты күтіңіз. Смартфон болса — ресми SMS немесе қосымша арқылы хабар келеді.
Кейде арнайы көлікпен жүріп те ескерту жасауы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті онлайн қалай тіркеуге болады?
Жеке кәсіпкерлікті (ЖК) үйден шықпай-ақ Еlicense.kz порталының көмегімен тіркеуге болады. Ол үшін:
1) тіркеуден өту;
2) «Қызмет көрсету» бөлімін таңдау;
3) «Қызметтерді іздеу» жолағын тере отырып, «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» қызметін табу;
4) өтінішті толтыру;
5) ЭЦҚ көмегімен растау.
Мемлекеттік сатып алуға кімдер қатыса алады?
Мемлекеттік сатып алуға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері қандай?
Мемлекеттік сатып алу:
- конкурс;
- аукцион;
- баға ұсыныстарын сұрату; - бір көзден;
- тауар биржалары арқылы;
- электрондық дүкен тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Қате төленген салықтық емес түсімдер жергілікті бюджетке қалай қайтарылады?
Бюджеттен қате төленген сомаларды қайтару үшін ақша түскен КБК-ні көрсетіп Атырау қаласының Қаржы бөліміне қайтару туралы өтінішті, төлем түбіртегінің көшірмесі бар банктік шотты және өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесін ұсыну қажет.
Құрылысқа рұқсатты қалай алуға болады?
Құрылысқа рұқсат алуға көмектесетін негізгі қадамдар:
1) жобалау құжаттамасын дайындау;
2) қажетті құжаттарды жинау;
3) өтініш беру;
4) мемлекеттік бажды төлеу;
5) қарауды күту;
6) рұқсат алу;
7) құрылыс жұмыстарын бастау.
Объектіні пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?
Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
1) жобаның толық әзірлігі;
2) сәйкестік декларациясы;
3) құрылыс жұмыстарының сапасы;
4) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар;
5) атқарушылық-техникалық құжаттаманың толықтығын тексеру.
Тапсырыс беруші объектіні тексеріп, барлық қажетті құжаттарды жинап, оларды қарап шыққаннан кейін, объектіні пайдалануға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Егер барлық талаптар орындалса, тапсырыс беруші объектіні ресми түрде пайдалануға қабылдайды.
Әкімнің жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?
ҚР ӘРПК-нің 90-бабына сәйкес, мемлекеттік орган басшылары мен олардың орынбасарлары айына бір рет азаматтарды жеке қабылдауға міндетті. Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты мен күні көрсетілген хабарлама «е-Өтініш» жүйесі арқылы Сіздің байланыс телефоныңызға 1414 - бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолданатын болады.
Азаматтарды қабылдау орталығында өтініш берушілерді қабылдау қалай жүзеге асырылады?
Азаматтарды қабылдау орталығында өтініш берушілерді қабылдау «Ресепшн» және «Күту» аймақтары арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету «Нәтиже», «Консультациялар», «Жеке қабылдау» аймақтарында жүзеге асырылады, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтарының жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік орган шығарған шешімге келіспесеңіз қалай шағым түсіруге болады?
Әкімшілік шешіммен келіспеген жағдайда:
1) жоғары тұрған органға жазбаша шағым дайындауға;
2) шағымды сол органға жолдауға;
3) келіспеген жағдайда 1 ай ішінде әкімшілік сотқа арыз беруге болады.
Өтініштерді қараудың мерзімі қандай?
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер – 15 жұмыс күні ішінде;
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер – 15 жұмыс күні ішінде;
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?
Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1)https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту;
2) «Менің өтініштерім» бөлімінде қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
3) «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қол қою;
5) мемлекеттік орган өтінішті қарап, шешім шығарады. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады
Қандай жолданымдар «е-Өтініш» АЖ-де есепке алынбайды?
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде келесідей жолданымдар есепке алынбайды:
1) қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары;
3) жарнамалық ұсыныстар;
4) азаматтық, қылмыстық әкімшілік істер;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 4-бабы 1-тармаығының 3)тармақшасынан басқа.
Қоғамдық көліктің жұмысына қалай шағымдануға болады?
Қоғамдық көліктің сапасына, атап айтқанда, көліктердің сирек жүруі, толып кетуі немесе кестені сақтамау бойынша шағымдарды Атырау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолдауға болады. Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-obl-ptrans?lang=kk
Кімдер дәріні тегін ала алады?
Дәрі-дәрмектерді тегін ала алатын азаматтар:
1) созылмалы аурулары бар адамдар;
2) медициналық көрсеткіштері бар адамдар;
3) зейнеткерлер;
4) көп балалы отбасылар;
5) мүгедектігі бар адамдар.
Тегін дәрі-дәрмек алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, жеке куәлік немесе мүгедектік туралы куәлік) ұсыну қажет болуы мүмкін.
Медициналық сақтандыруды қалай рәсімдеуге болады?
Медициналық сақтандыруды рәсімдеу процесі бірнеше қадамнан тұрады:
1) сақтандыру түрін таңдау;
2) құжаттарды дайындау;
3) сақтандыру компаниясын таңдау;
4) сақтандыру полисін рәсімдеу;
5) полис шарттарын талқылау;
6) полисті алу;
7) полисті пайдалану;
8) полистің мерзімін бақылау.
Тегін медициналық қызметтерді кімдер ала алады?
Тегін медициналық қызметтерді алуға құқығы бар азаматтардың тізімі:
1) балалар;
2) зейнеткерлер;
3) мүгедектер;
4) медициналық көрсеткіштер бойынша;
5) көп балалы отбасылар;
6) соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;
7) әлеуметтік жағынан осал топтар;
8) студенттер.
Жұмыссыз ретінде қалай тіркелуге болады?
Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына тікелей немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады.
Жұмыссыздарға жәрдемақы беріле ме және оның мөлшері қандай?
Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады.
Төлем мөлшері азаматтың соңғы 24 айдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды және төлеу мерзімі әлеуметтік аударымдар жүргізілген кезеңге байланысты белгіленеді.
Инватакси қызметін қалай алуға болады?
Инватакси қызметі — бұл мүгедектігі бар адамдарға немесе қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы такси қызметі.
Қызметті алу үшін:
1) қызмет ұсынатын ұйымды анықтау;
2) медициналық құжаттарын (комиссия қорытындысын) негізге алып, өтініш беру;
3) көліктің қолжетімділігіне көз жеткізу.
Таксиге отырғанда, қажет болған жағдайда жүргізушіден көмек сұрауға болады. Сонымен қатар, қызмет көрсетілгеннен кейін, егер сізде ұсыныстар немесе шағымдар болса, оларды ұйымға жеткізуіңізге болады.
Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар дегеніміз не және олар кімдерге арналған?
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі.
Гранттар:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
2) көп балалы отбасыларға;
3) әлеуметтік төлем алушыларға;
4) қоныс аударушыларға;
5) қандастарға;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарға;
7) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.
Гранттар легтер бойынша және комиссия шешімдерімен беріледі.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жәрдемақыны кімдер ала алады?
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит ауылға келген дипломды мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге беріледі. Жәрдемақы 39 жұмыс күн ішінде, тұрғын үй алу үшін несие 30 жұмыс күн ішінде рәсімделеді. Қызмет тегін, www.minagri.gov.kz сайтынан толық ақпарат ала аласыз.
Жұмысынан айырылған жағдай бойынша әлеуметтік төлем қалай алуға болады?
Жұмысынан айырылған жағдайда төлем алу үшін азамат Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, Қорға аударым жасаған болуы тиіс. Төлем ұзақтығы – 1-6 ай, мөлшері – орташа табыс пен сақтандыру өтіліне байланысты.
Өтінішті «Egov.kz», «Enbek.kz», «Мансап орталығы» немесе «ХҚКО» арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар:
- өтініш;
- жеке куәлік (немесе болған жағдайда қандас куәлігі).
Жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
Мемлекет жұмыссыз азаматтарға келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
- тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдау;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысу мүмкіндігін ұсыну;
- әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және гранттар беру.
Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалмайды?
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) келесі жағдайларда тағайындалмайды:
- отбасы табысы кедейлік шегінен асып тұрса;
- тексеруден бас тартса;
- қажеттілік жоқ деген комиссия қорытындысы болса;
- еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтудан бас тартса (кейбір санаттардан басқа);
- бұрынғы келісімді бұзып, міндеттемелерді орындамаса;
- жалған мәлімет немесе құжат тапсырылса (6 ай ішінде).
Іс- әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау дегеніміз не және ол қалай рәсімделеді?
Іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау - бұл денсаулық жағдайына немесе басқа себептерге байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайтын және өз істерін басқара алмайтын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршы тағайындалатын процесс.
Қамқоршылықты тағайындау процесі:
1) іс-әрекетке қабілетсіз деп тану;
2) қамқоршыны тағайындау;
3) құжаттарды ресімдеу;
4) қорғаншылықты тіркеу.
Бос жұмыс орындар туралы ақпаратты қандай сайттан қарауға болады?
Бос жұмыс орындар бойынша ақпаратты «Электрондық еңбек биржасынан» (бұдан әрі – ЭЕБ) алуға болады. Бұл – еңбек нарығының ақпараттық базасы болып табылады және толық көлемде жұмыс істейді, сонымен қатар, (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.
Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар керек?
Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:
1) жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат.
Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға берілетін шартты немесе шартсыз ақшалай көмек. Ол отбасының әр мүшесіне тағайындалады.
Отбасы құрамына бірге тұратын жақын туыстар мен бірге тұратын азаматтық жұптар да кіреді.
Жұмыссыздыққа қалай тіркелуге болады?
Жұмысы және табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген азамат төмендегі бағыттар бойынша өтініш бере алады. Олар:
1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;
2) egov.kz веб-порталы арқылы;
3) enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы.
Жеке куәлікті қалай ауыстырамын?
Жеке куәлікті тіркелген жеріне қарамастан кез келген ХҚКО-да ауыстыруға болады. Тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қажет болса, қосымша ақыға куәлікті дайындау мерзімін үш күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.
Фишинг туралы білгім келеді және одан қалай қорғануға болады?
Фишинг — бұл интернеттегі алаяқтықтың бір түрі, онда қаскөйлер пайдаланушыны алдап, жалған хаттар, сайттар немесе хабарламалар арқылы ресми ұйымдардың атынан әрекет етіп, қолданушылардың жеке мәліметтерін, атап айтқанда, логинін, құпиясөзін, банк картасының деректерін, басқа да деректерді алуға тырысады. Ашық айтқанда, фишинг — сізге жалған хабарлама жіберіп, өзіңіз байқамай құпия деректерді «алаяққа» өз қолыңызбен беріп қою деген сөз. Сол үшін ешкімге жеке деректеріңізді бермеңіз — банк те, мемлекеттік орган да сізден пароль сұрамайды.
Фишингтен қорғану жолдары:
- Сілтемелерге сақ болыңыз — тек ресми сайттарды қолданыңыз;
- E-mail немесе SMS арқылы келген күмәнді хаттарға жауап бермеңіз;
- Құпиясөздер мен банк деректерін ешкімге жібермеңіз;
- Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — kaspi.kz емес, kaspi123.kz болса, ол алаяқ болуы мүмкін;
- Қос факторлы аутентификацияны қосыңыз (2FA).
Жүріп-тұруға қажетті арнайы қозғалыс құралдарын алу үшін қайда өтініш беруге болады?
Протездік-ортопедиялық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына, сурдотехникалық құралдарға, тифлотехникалық құралдарға, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарға өтінішті «еGov.kz» порталы, ХҚКО арқылы немесе «Е-Собес» ААЖ порталы арқылы беруге болады.
Өтініш қабылданған жағдайда мүгедектігі бар адам қажетті құрылғыны Aleumet.egov.kz порталында таңдайды және құрылғы оның мекен-жайына күнтізбелік 14 күн ішінде жеткізіледі.
Жұмыссыз азаматтарға арналған қандай оқу түрлері бар?
Жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасында орнатылған онлайн.skills арқылы тегін оқу курстарына қатысып, сертификаттарға ие бола алады. Skills арқылы тегін оқу курстарында көптеген оқу түрлері кездеседі, оқу ұзақтығы жұмыссыз азаматтың өзіне байланысты.
Бір мектептен басқа мектепке ауысудың тәртібі қандай?
Оқушыны бір мектептен екінші мектепке ауыстырудың екі жолы бар:
1) Egov.kz порталы арқылы. Ол кезде қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қажетті ақпарат енгізіледі. Ата-аналардың бірі немесе баланың заңды өкілі келу мектебі мен кету мектебіне өтініш беру керек.
2) қағаз жеткізгіш түрінде.
Ата-аналардың немесе заңды өкілдің келу мектебі мен кету мектебіне жазған өтініші және есептен шығару талоны ұсынылады.
Негізгі талаптар:
1) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке мәліметтері мен оқу орнына қатысты ақпараттың дұрыстығы.
2) құжаттардың толықтығы мен уақытында тапсырылуы.
Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе нақты сұрақтарыңыз болса, жергілікті білім беру басқармасының ресми сайттарына немесе кеңселеріне жүгінуіңізге болады.
1-сыныпқа қабылдау ережелері мен қажетті құжаттар тізімі қандай?
1-сыныпқа қабылдау жыл сайын 1 сәуір – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Өтінішті екі жолмен беруге болады:
- Онлайн – eGov порталы арқылы;
- Мектепке барып, құжаттарды қолма-қол тапсыру.
Қажетті құжаттар:
- Ата-ананың өтініші (онлайн/қағаз формат);
- Баланың туу туралы куәлігі және ата-анасының жеке куәлігі (көшірме).
- Баланың 3×4 суреті (2 данаі).
- Баланың денсаулық паспорты және медициналық құжаттар:
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы (егер қажет жағдай болса).
Егер сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе нақты сұрақтарыңыз болса, жергілікті білім беру басқармасының ресми сайттарына немесе кеңселеріне жүгінуіңізге болады.
Білім алып жатқан азаматтар «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» қызметін қалай ала алады?
«Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» қызметін алу үшін elicense.kz порталына кіріп, «Қауіпсіздік» қойындысынан қажетті қызмет пен мемлекеттік мекемені таңдау қажет. Ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеген соң ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Қажетті құжат - білім алуды растайтын білім беру ұйымы анықтамасының электрондық көшірмесі. Немесе ХҚКО-на жүгінуге болады.
Қала әкімдігі салған және тұрғындарға пайдалануға берілген үйлердің сапасына қатысты қайда жүгінуге болады?
Үйлердің сапасына және ақаулар мен кемшіліктерді жоюға қатысты өтініштермен азаматтар көпқабатты үйлерді тапсырған сәттен бастап 2 жыл ішінде Атырау қалалық құрылыс бөліміне хабарласа алады.
Тұрғын үй кезегіне қандай санаттар тұра алады?
Тұрғын үй кезегіне:
1) көпбалалы отбасылар;
2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары;
3) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;
4) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар;
5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары тұра алады.
Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі? Қайда өтініш беруге болады?
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында беріледі.
Тұрғын үй көмегін алу үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы (ХҚКО) өтініш беруге болады.
Үй кезегіне қалай тіркелемін?
Үй кезегіне тіркелу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлік (немесе паспорт);
2) тұрғылықты мекенжайды растайтын құжат;
3) отбасы құрамын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтік мәртені растайтын құжаттар.
Қажетті құжаттарды жинағаннан кейін өтініш беріп кезекке тұра аласыз. Кезектің жағдайын бақылап отыруға болады және кезегіңіз келген кезде сізге тұрғын үй ұсынылады. Содан кейін қажетті келісімшарттарды рәсімдеу процесі басталады.
Егер толық ақпарат немесе қосымша сұрақтар болса, жергілікті атқарушы органға хабарласуға болады
Толығырақ
Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?
Тұрғын үй кезегіне тіркелу тәртібі қандай?
Тұрғын үй кезегіне тіркелудің өзіндік тәртібі бар. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарының біріне жататын азамат kezekte.kz сайтына ЭЦҚ арқылы өтініш бере алады.
Азаматтарға тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.
Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет?
Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) куәліктердің көшірмелері;
3) жалдау шарты немесе тұрғын үй ордері;
4) сот шешімінің көшірмелері;
5) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) жұмыс орнынан анықтама;
7) ғарышкерлер мен ғарышкерлікке үміткерлерге арналған құжаттар;
8) берешектің жоқтығын райтайтын құжат;
9) жекешелендіру құқықтарын растайтын құжаттың көшірмесі.
Қажетті құжаттарды, өтінішті E-Qazyna.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Егер қосымша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, жергілікті атқарушы органдарға хабарласуға немесе E-Qazyna.kz порталынан білуге болады
Үй жалдап тұрып жатқандарға мемлекеттен көмек бар ма?
Тұрғын үй жалдап отырған азамат «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үйді жалға алу шығындарын субсидиялау бағдарламасына қатыса алады.
Талаптары:
1) отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек;
2) жалдау келісімшартын ұсыну қажет;
3) мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті.
Ауыл шаруашылығы техникаларын қайта тіркеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
Ауыл шаруашылығы техникаларын қайта тіркеу келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:
1) Иеліктің (меншік иесінің) ауысуы;
2) Техниканың деректерінде өзгеріс
болғанда;
3) Тұрғылықты мекен-жай немесе заңды
мекен-жай өзгергенде;
4) Техниканы қалпына келтіру немесе қайта
құрастыру кезінде;
5) Техниканы басқа аймаққа көшіру
кезінде.
Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда сайтқа немесе жергілікті Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жүгінуіңізге болады.
Бау-бақша өсіру үшін жерді қайдан алуға болады?
Бау-бақша өсіруге арналған жер телімдері әртүрлі санаттағы жерлерден бөлінуі мүмкін:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден;
2) елді мекендердің жерлерінен;
3) орман қорының жерлерінен.
Бау-бақша өсіруге жер алу үшін жергілікті атқарушы органдарға немесе жер қатынастары бөліміне хабарласу керек. Онда сіз қолжетімді учаскелер мен оларды алу шарттары туралы біле аласыз.
Өтініш 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттен тегін берілетін жер телімінің көлемі қандай?
Азаматтарға жеке тұрғын үй салуға (ИЖС — жеке тұрғын үй құрылысы) арналған тегін 0,10 гектар (яғни 10 сотық) жер учаскесі беріледі.
Бұл жер телімі жеке меншікке шектеулі ережелермен беріледі, яғни, ресми меншік құқығын алу үшін алдымен үй салынуы қажет және пайдалануға беру актісін рәсімдеу керек.
Ақысыз жер телімі бір рет қана беріледі. Егер бұрын жер алған болсаңыз — қайта алу мүмкін емес. Құқығыңызды eGov.kz порталы арқылы немесе жергілікті әкімдіктен тексеріп білуге болады.
Өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе жергілікті әкімдікке барып тапсыра аласыз. Өзіңізбен бірге электронды цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦП) болуы шарт.
Жер дауын қалай шешуге болады?
Жер даулары әртүрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін, соның ішінде меншік құқығы, учаскелердің шекаралары, жерді пайдалану және т. б. Мұндай дауларды шешудің жолдары:
1) келіссөздер;
2) медиация;
3) төрелік;
4) сот талқылауы;
5) сот шешімін орындау;
6) апелляция;
Жер дауларының белгілі бір елдің немесе аймақтың заңнамасына байланысты өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан жер құқығы бойынша мамандандырылған адвокаттан кеңес алу ұсынылады.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жер учаскелерін беру рәсімі Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін Өтінім мен Конкурстық ұсыныс беру қажет. Жер комиссиясы ұпай беру арқылы жеңімпаз өтінімді бағалауды, салыстыруды және анықтауды жүргізеді. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін қайда бару керек?
Жер уаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға (әкімдік) немесе жер қатынастары бөліміне жүгіну қажет.
Өтініш жергілікті атқарушы органдармен (әкімдік) 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
Жер учаскесінің мақсатын өзгертуге болады ма?
Иә, өзгертуге болады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді жергілікті атқарушы органдар жер учаскесінің орналасқан жеріне сәйкес жүргізеді. Бұл рәсім мемлекеттік қызмет болып табылады және ҚР заңнамасына сәйкес реттелуге жатады.
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру тәртібі:
1) аукционның жариялануы;
2) қатысу үшін тіркелу;
3) аукцион өткізу;
4) келісімшарт жасау.
Келісімшарт жасалғаннан кейін жер учаскесі жеңімпазға беріледі.
Негізгі талаптар - жер учаскесін алу үшін өтініш беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болуы тиіс.
Аукционға қатысу үшін қажетті құжаттарды (мысалы, өтініш, қаржылық құжаттар) дайындау қажет.
Жер учаскесінің мақсаты мен пайдалану шарттары аукцион барысында анықталады.
Егер сізде аукционға қатысу немесе жер учаскесін алу туралы қосымша сұрақтар болса, жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті мемлекеттік мекемелермен байланысуыңызға болады.
Тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегіне қалай тұруға болады?
Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер теліміне EGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім беріп, кезекке тұруға болады. Ол үшін порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.

