Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуын талқылады

Атырау облысы бойынша Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімдігініңалаңында Экология департаментініңқызметінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқыталдау жүргізу қорытындылары бойыншаенгізілген ұсынымдарды орындау мәселелерінталқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаубарысында қоршаған ортаның ластануы су ресурстарының тапшылығы, тұрмыстыққалдықтар мен қоқысты төгуге және сақтауғаарналған полигондар бойынша, балықтардыңжаппай қырылу фактілері бойынша, «Тухлая балка» объектісі бойынша және т. б. сияқтыэкологиялық проблемалар мен өңірдіңмәселелері қамтылды.

Талдау қорытындысы бойынша 9 тәуекеланықтып, 20 ұсыныс енгізілді, оларды орындаубойынша жоспар әзірленді.

«Дискрециялық өкілеттіктердің болуы, бақылау-қадағалау функцияларын жүзегеасыру кезінде жемқорлық алғышарттары, әкімшілік жауапкершіліктен босату жәнекелтірілген залалды өтеу мүмкіндіктері сияқтыпроблемалық аймақтар анықталды. Сондықтанжемқорлық тәуекелдерін азайту бойыншашаралар қабылдау өте маңызды», - деп атапөтті басшының бірінші орынбасары НұрланЖахин.

Сондай-ақ, спикер ел Президентініңтапсырмаларын тиісінше орындауға, «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша құқықтық тәртіптіқамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Департаменттің жемқорлыққа қарсы жүйелікүрес жөніндегі жұмысты күшейтумәселелеріне арналғанын атап өтті. Оныңайтуынша, азаматтардың сенімін нығайту үшінқоғамдағы жемқорлықтың алдын алу үшінтиісті шаралар қабылдау қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметенгізілген ұсынымдардың орындалу барысынбақылауды жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT