Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды

1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды. Іс-шара өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына және ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес іске асырылуда. Жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызметі мен жабдықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндіріс тиімділігін арттыру үшін қажет.
 
 Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптамадан өткізу секілді іс-шаралар кешені жоспарланған. Сонымен қатар реакторлық жабдықтардағы катализаторлар ауыстырылады. Зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын болдырмау мақсатында технологиялық жабдықтарды тазалау процесі жабық жүйеде өтеді. 

Жоспарлы-алдын алу жұмыстарына 2 мыңнан астам жұмысшы мен 70 арнайы техника жұмылдырылмақ. 

Жұмыстар кезінде мұнай өнімдерінің негізгі түрлері жинақталған қор есебінен ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес жөнелтіледі. Қазіргі кезде зауыттың резервуар паркінде келесідегідей қор көлемі жинақталған: автобензиндер - 30 мың тонна; дизель отыны - 15 мың тонна; әуе отыны - 6,5 мың тонна; сұйытылған газ - 500 тонна.

Қазан айының соңына дейін жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталып, кәсіпорын тұрақты жұмыс режиміне шығады деп жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521