Атырау қаласы полиция басқармасында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықов пен қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бақтыбек Исаевтың төрағалығымен үш айда атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылау мақсатында жедел-қызметтік кеңес отырысы өтті. Кеңеске басқарма басшылығы мен жеке құрам қатысты.
Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы басым мәселелер талқыланды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, “Заң және тәртіп” қағидатын басшылыққа ала отырып, көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуі тиіс. Әр қызметкер өзінің кәсіби жауапкершілігін терең сезініп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жүйелі әрі нәтижелі қызмет етуі қажет, – деді полиция полковнигі Құттыбай Садықов.