«Ашық аспан» режимі: Атырауда 6 жаңа халықаралық маршрут ашылды, алдағы жылдары 10 бағыт болады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, биыл 247,9 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 78%-дан 83%-ға дейін өсті.

Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін автожол, авиа және теміржолмен тасымалдау салаларында да жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуе қатынасын дамыту бағытында «Ашық аспан» режимі аясында 6 жаңа бағыт ашылды. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары 10 бағытқа жетеді.

«Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды жаңғыртуға 2026 жылға 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, Атырау қаласының теміржол вокзалы мен аудандардағы 9 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT