Арыз- шағым түскен жоқ

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында  мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау», «Е-қызмет», «Defаиlt» электронды қосымшалары  арқылы көрсетіледі. Аудан аумағында 2025 жылдың 3 айында  39 өтініш түсіп, қызмет  көрсетілді. Басқарма тарапынан мерзімінен кеш, сапасыз көрсетілген қызметтер және бұл тұрғыдан түскен арыз-шағымдар болған жоқ.


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 
Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру болып табылады. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болып келеді.
Айгүл Амангелдіқызы,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT