Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, 20 мамыр мен 20 маусым аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты — жаз мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы науқан аясында, 5-7 маусымы аралығында Атырау қаласы аумағында «Тасымалдаушы» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 5 маусым күні Chevrolet Niva автокөлігін басқарған 1983 ж.т. азаматты тексеру кезінде оның алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны белгілі болды. Сондай ақ, Nissan Cefiro автокөлігін басқарған 1996 ж.т. азаматтың есірткі қолданған мас күйде көлік тізгіндегені анықталды.
Аталған автокөліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын масаң күйде басқармауға және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырады.