Альтернативті энергия нақты балама бола ма?

Бүгінге дейін атом электр станциясын салудың пайдасы мен қауіпсіздік талаптарын жан-жақты ескермеген жағдайдағы қауіпі жайында көптеген пікірлер мен зерттеулер айтылып келді. Бұл көптен бері қозғалып келе жатқан мәселе болғанымен, қазіргі кезде оған сұраныс артып, еліміз аса мұқтаж болып отыр. Өйткені электр энергисының тапшылығы ең біріншіден елдің өркендеуіне, салалардың дамуына кедергі келтіреді. Өмір сүру, тұрмыс жағдайымызға кері әсерін береді. 

Иә, қазіргі кезде Қазақстанда электр энергиясы тапшы. Ал, жылдан-жылға халық санының артып, өнеркәсіп, өндіріс орындарының ашылып жатқанын ескерер болсақ, жағдай бұдан да күрделене түседі. Қазіргі қолда бар электр станцияларымыз энергияны көмір секілді жер қойнауы ресурстарынан алуда. Ал, оның қоршаған ортаға зардабы көп. Экология мәселесінің де ушығып бара жатқаны мәлім. Ол үшін ауаға бөлетін көмірқышқыл газ көздерін азайтуымыз керек. Бұл мақсатта альтернативті энергия, яғни күн радиациясы, жел және геотермалдық жылу энергия көздерін дамыту керек. Алайда ол да еліміздің электр энергияға деген сұранысын өтеп, энергия көзінің нақты баламасы бола алмайды. Жаңартылған энергия көздері Еуропа елдерінде жақсы дамып, нәтижесін беріп жатқанымен, қазіргідей жағдайда біздің елдің сұранысына толықтай жауап бере алады деп айту қиын. Сондықтан бұл мәселені шешудегі бірден-бір жол – АЭС құрылысын салу болып отыр.

Дүйсенбек ҚҰЛЖАНОВ,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT