Алға ауылдық округінде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы жалғасын тапты.
Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысты. Іс-шара барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі әктелді. Сонымен қатар күл-қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Бұл игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және таза да жайлы өмір сүру ортасын құру.
Г.Сәдуақасова,
Махамбет ауданы